Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мешітіміз Қарттар үйінде мерекелік дастархан жайды (ФОТО+ВИДЕО)

27.03.2015 4065 0 пікір

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті наурыз мерекесіне орай Астана қаласындағы қарттар үйінде мерекелік дастархан жайды.

Астана қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне орай қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастыруда. 

Соның бірі, Бас имам Жұманазар Садырхановтың бастамасымен Астана қаласындағы Қарттар үйінде орын алды. 350 адамға арналған наурыз дастарханы қарттарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Қайырымдылық шарасын өткізуге «Сана Бала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Академия» мектепке дейінгі білім беру мекемесі мен «Корис» кондитерлік цехы қаржылық демеушілік жасағанын айта кеткеніміз жөн. Дастархан басында Бас имам ата дініміздің арда құндылықтары жайында уағыз-насихат айтып, қам көңіл қарттарды наурыз мерекесімен құттықтады.

Ал, өнерден құрық ұстаған әншілер Ернұр Тұтқабаев пен Қымбат Хасан дәстүрлі ән айтып қарттардың көңілін бір серпілтіп тастады. Жиынға «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің найб имамы Мамлюк Мусаев, Әділ Агитаев, мешіт ақсақалдары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Бас имам өзі бас болып, қарттарға қызмет жасап, ақсақалдар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Өз кезегінде қарттар үйінің қызметкерлері мен тұрғындары мешіт ұжымына өз ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты.

sunna.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру