Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы Смайыл Сейтбеков Маңғыстау аудан орталығы Шетпе кентінде ақсақалдар және әжелермен кездесті.
Шетпе кентіндегі ардагерлер үйіне жиылған ақсақалдар мен әжелерге дініміздің құндылықтары жайында өкіл имам тұшымды уағыз айтты. Дін қоғамдағы әлеуметтік проблемаларды шешуде үлкен рол атқаратынын айта келе, ұрпақ тәрбиесіне баршамыздың жауапты екенімізді басты назарда айтып өтті. Сонымен қатар қазіргі қалыптасқан діни рәсімдерде артық кетушілік және оның шариғатта дұрыс атқарылуын жан-жақты етіп түсіндірді. Мәселен, садақа берудегі ысырапшылдық, жаназа кезіндегі бәсекелестік, кесене салуда жарысу, әйелдердің пакет ұстап садақаға баруы секілді жайттардың шариғаттағы орны жайында толыққанды баяндап өтті. Ақсақалдар көкейлерінде жүрген көптеген сұрақтарды қойып жатты. Өкіл имам екі ай бұрын осы аталмыш ардагерлер үйінде осындай кездесу өткізген болатын.
Ақсақалдар мен аналар иншалла алдағы уақытта да кездесулер ұйымдастыратын айтып, өкіл имамға алғыстарын айтып, шығарып салды.
Маңғыстау облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.03.2015
3144
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру