«Әзірет Сұлтан» мешітінде дін мен дәстүр сабақтастығы дәріптелген рухани шара болып өтті. Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған шара шымылдығы әдеттегідей қасиетті Құран Кәрім оқылумен ашылды. Рухани кештің алғы сөзі арнайы шақырылған ҚМДБ-ның Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлына ұсынылды. Бұдан соң жиылған жамағатқа ақжаулықты апаларымыз шашу шашып, мерекенің көрігін қыздыра түсті.
Күй шертіліп, терме орындалған рухани кештің басты жаңалығы – «Шабыт» университетінің ұстазы Бейбіт Құсанбай шәкірттері сахналаған «Әбу Ханифа –ХХІ ғасырда» қойылымы болды. Атақты Әбу Ханифаның ата-анасы туралы сыр шертетін алма хикаясынан басталған көркем көрініс кенеттен қазіргі заманға ауысып, екі кезеңді салыстырмалы түрде көрерменге ұсынады. Заман зардаптарына айналған түрлі кесапаттар мен жағымсыз жайттар жайлы сөз қозғалған рухани көріністің көрермендер үшін берген ғибраты мол болды. Бұдан бөлек кеш барысында Алмас Темірбай ақынның «Уақыттың қадірі» атты өлеңі жатқа оқылып, жырға жаны құмар жамағатты бір серпілтіп өтті. Рухани кеш соңы қарияларымыздың Алла Тағаладан елімізді аман, жерімізді тыныштыққа бөлеуді сұраған ақ батасымен аяқталды.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.03.2015
3261
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру