Маңғыстау облысы бойынша өкіл имам Смайыл Сейтбеков наурыз айының 21-24 аралығында Бейнеу ауданына арнайы іс-сапармен барды. Мереке күндерін ұтымды пайдаланып, 21 наурыз күні Бейнеу аудандық мешітте шам мен құптан арасында «Мұсылмандық міндетіміз» атты тақырыпта уағыз айтты. Уағыз соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
22 наурыз күні облыстық мешіттің ұстазы Құрбанов Бауыржан әһлу сунна ақидасы жайында уағыз айтты.
Өкіл имам 23 наурыз күні аудандық мешітте бесін намазынан кейін екі сағатқа жуық ханафи мәзһабының дәлелдері атты тақырыпта уағыз айтса, кешке шам мен құптан арасында облыстық мешіттің ұстазы Құрбанов Бауыржан ақида жайында уағызын жалғастырды .
Өкіл имам 24 наурыз күні аудандық мешітте бесін намазынан кейін неке мен талақ жайында уағыз айтты. Уағыз соңында жамағаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Маңғыстау облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.03.2015
3083
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру