Тарихи тамыры терең бойлаған әз - Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2014 - 2018 жылдар аралығын «Дін мен дәстүр» жылы деп жарияланған болатын. Осыған орай Наурыз мерекесінің қарсаңында ОҚО Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Ынтымақ бірлік бастауы», - атты тақырыпта мерекелік іс - шара өтті.
Мерекелік іс - шараны қалалық қоғамдастығының төрағасы Қ.Ілесов жүргізді. Аталмыш іс - шарада аудан әкімінің орынбасары Бақтыбай Алипов, аудан имамы А.Данияров жиналған көпшілікті наурыз бірлік береке бастауы, көктемгі жаңарудың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесімен құттықтады. Наурыз мерекелік дастархан жайылып, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жасөспірімдер арасында бес түрлі спорттық іс - шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда қазақша күрес, гір көтеру, қол күрес, шағын алаңда футбол, арқан тарту ойындары өтті. Ақжаулықты әжелер этнографиялық ансамбілі мен Абай мәдениет үйінің әншілері жыр терме шашуларымен жиналған көпшілікті өздеріне баурап алды.
Оңтістік Қазақстан облысы Qurmet-АВ» Қоғамдық бірлестігінің Шардара ауданы бойынша өкілі Сейдуәлі Нұржан аудан имамы Асылхан Данияровты «Ынтымақ» медальі, Зерегүл қажы Әкімханқызын «Асыл ана» медальімен марапаттады. Мерекелік кештің соңында бәсекеге түсіп бағын сынаған жасөспірімдерге аудан әкімінің орынбасары Бақтыбай Алипов, аудан имамы А.Данияров, қалалық қоғамдастығының төрағасы Қ.Ілесов белгіленген жүлделерді табыс етті.
ҚМДБ-ның, ОҚО өкілдігінің баспасөз қызметі








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.03.2015
3641
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру