Қызылорда қалалық «Ыбрайым» мешітінің ұйымдастыруымен Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесінің құрметіне тұрмысы төмен отбасына қайырымдылық жасалып, жамағатқа арнайы дастархан жайылып, наурыз көже таратылды.
«Жалпы жамағатты дәстүрді қастерлеуге шақырып, мешіт тізімінде тұрған аз қамтамасыз етілген отбасыларына көмек көрсету, азық-түлік тарату арқылы қайырымдылық жасау, мешіт тарапынан әрдайым жасалатын шаралардың бірі» - дейді «Ыбрайым» мешітінің найб имамы Т.Нұрман.
Әрине, қолдан келгенше қайырымдылық жасау Алла тағаланың разылығына бөлейтін амал. Жәрдемге мұқтаж жандарға керек кезінде қол созу сауапты іс. Жабырқағанның жанынан табылып, оларға мейірім таныту, жамағаттың қажеттілігіне орай олармен санасып, бірлесе шаралар атқару Алланың жердегі үйіне қызмет ететін мешіт имамдарына деген сенім ұялатары сөзсіз.
Осы күні мешітке жиналған жамағат, мешіт ұжымына алғыстарын білдіріп, ақсақалдар баталарын берді.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.03.2015
2907
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру