Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бір ел-бір тағдыр (ФОТО)

26.03.2015 3461 0 пікір

Облыстық қазақ драма театрында БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналды мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен  «Бір ел-бір тағдыр» атты мерекелік шарасы болып өтті.

Бұл шараға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, Орал шаһарының әкімі Алтай Көлгінов, Орал қалалық мешітінің бас имамы Әлімхан Тұрлыбеков, ҰОС-ның ардагерлері, мемлекеттік қызметкерлер, өзге ұлттың өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.  

Мерекелік шарада облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы сөз алып, Ақжайық жұрттың келе жатқан «Әз-Наурызбен» құттықтап, бүгінгі «Бір ел-бір тағдыр» атты мерекелік шарасы Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына, Ата заңымыздың 20 жылдығына арналып отыр. 

Қазақ жерінде өзге ұлттар тату-тәтті өмір сүріп келеді. Қазақтың құшағына кең, бауырмал халықпыз. Дана халқымыз айтқандай «Бірлігі мықты ел тозбас» демей ме, міне бірлігіміз жарасып, ынтымақта ғұмыр кешіп келеміз. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының салиқалы саясатының арқасында көптеген жетістікке жетіп отырмыз,-деп жүрек жарды тілегін білдірді.

Теректі, Ақжайық, Зеленов, Тасқала аудандарының татар, еврей, украин, белорус халық  этно- мәдени орталықтары аса белсендік танытты. Жиналған қауымға көтеріңкі күй сыйлады.

Нұрлан САМАТҰЛЫ,
 ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру