Жақында ҚМДБ-ның Ақмола облыс бойынша өкіл имамы Қанат Қыдырмин кезекті жұмыс сапарымен облыс орталығынан шалғайда орналасқан Жарқайың, Жақсы және Есіл аудандарында болып, жергілікті жердегі діни ахуалға қанықты. Жергілікті мешіттерде өткен кездесулерге аталған аудан жамағаты қатысып, ой бөлісті. Облыс имамы жиналған қауымға Мүфтият тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтып берді. Жуырда елордада өткен республика имамдарының тұңғыш форумы жайлы да хабардар етті. Әсіресе, асыл дінімізді қалай дамытамыз деген сауал төңірегінде әңгіме қозғалды.
Бүгінде бұл мәселе ешкімді бей-жай қалдырмасы анық. Себебі, исламға қара күйе жағып, дінішілік бірлігімізге қылау түсіретіндер де жоқ емес. Әртүрлі теріс ағымдардың да етектен тартып, экстремизмнің шоғын үрлеп жүргені еш жасырын болмаса керек.
Қанат Қыдырмин жұрттың назарын осыған аударды. Ата-бабаларымыздан мирас болып келе жатқан Әбу Ханифа мәсһабын ұстанудың қазақ қоғамы үшін аса маңызды екені де ауызға алынды.
Жергілікті жамағат тарапынан да әртүрлі сауалдар қойылды. Өкіл имам оларға толымды жауаптар қайтарды. Өз кезегінде жамағат та елімізде дінімізді дамытудың жақсы қолға алынып отырғанына өздерінің көңілдері толатындығын жеткізді.
Бақыт СМАҒҰЛ,
Ақмола обысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.03.2015
3085
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру