Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бейнеуде жаңа мешіт ашылды (ФОТО)

25.03.2015 3428 0 пікір

Ұлыстың ұлы күні Бейнеу ауданына қарасты Тұрыш ауылында жаңа мешіт ашылды. Облыс орталығынан 600 шақырым жерде орналасқан Сам құмының ортасындағы ауылда бүгінде 100-ге жуық шаңырақ бар.  Осы ауылда кезінде діни сауатты болып,  жергілікті халық Иманмәлік молда атап кеткен ақсақалдың ұрпағы Қасен деген азамат  мешіт салуға ниеттеніп, жаңа мешіттің бой көтеруіне себепші болды.

«Бұл істі өзімнің адами борышым деп білемін. Мешіт салуды дін алдындағы қызметім деп ұғынып,  келер ұрпаққа имандылықты, ізгілікті жаятын орын болса екен деймін», -дейді мешіт салған абзал азамат Қасен.

100 адамдық мешіттің пайдалануға берілуі ауыл тұрғындары үшін қуанышты жаңалық болды. Бейнеу ауданына арнайы сапармен барған өкіл имам С.Сейтбеков жаңа мешіттің ашылу салтанатына қатысты. Өкіл имам жаңа мешіт ішінде жамағатпен бірге намаз оқып, жиналған халыққа мешіт салудың артықшылығы, мешіт ішінде намаз оқудың сауабы жөнінде уағыз айтты.  

Намаздан кейін ас беріліп, ата – балалар рухына Құран бағышталды.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру