ҚМДБ-ның ОҚО өкіл имамының бастамасымен облыс деңгейінде ақпарат-насихат топтары құрылып, аудан, қала және ауыл тұрғындарына І Республикалық Имамдар форумында қабылданған маңызды 4 құжатты насихаттау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр.
Кезекті ЖАНТ мүшелері Кентау қаласында «Кентау қалалық орталық» мешітінің ұйымдастыруымен «Кентау көпсалалы колледжі», «Кентау медициналық колледжі», «Халықаралық Қазақ-Түрік үниверситеті», «Кентау қалалық орталық мешіті», «Ар-Рахим» мешітінде кездесулер өткізілді.
Шымкент қаласы, Қаратау ауданының бас имамы, Байғұт баба мешітінің имамы Берік Қалдаров және Шымкент қаласы Саяси қуғын сүргін құрбандары мешітінің наиб имамы Гүлтораев Иззатулла сынды білікті дін қызметкерлерінің уағыз-насихаты халық көңілінен шығып, көкейлерінде жүрген сан-қырлы сұрақтарға жауап берді.
Алдағы уақытта да Кентау қаласында әрбір оқу орындарында, кәсіпорындарында, қала-ауыл халқымен кездесулер, уағыз-насихат жұмыстары жалғасын таппақ.
«Кентау қалалық орталық» мешітінің баспасөз қызметі






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.03.2015
3392
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру