Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы жылда да, «Дін мен дәстүр жылы» жалғасын табатынын жариялады. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен қолға алынған шараның заңды жалғасы Жетісу жерінде көрініс тауып, көпшіліктің ықыласына бөленіп отыр. Өйткені, Ислам дінін ата-баба дәстүрімен сабақтастыра жеткізу бүгінгі дін қызметкерлерінің міндеті. Осы орайда, Серікхан Рымханұлының бас болуымен дәстүрлі Наурыз мерекесі өңірдің бірнеше жерлерінде қазақылық дәстүге сай атап өтілді.
Расында күн мен түннің теңелген шағы – Наурыз мейрамын ел-жұрт болып, бірлесе тойлау халқымызда ертеден келе жатқан дәстүр. Бұл уақта ағайын-бауыр бір-бірін жаңа күнмен құттықтап, арадағы ренішті ұмытады. Жеті тағам қосылып пісірілген Наурыз көжеден тоя ішкен халайық бір-біріне жақсылық тілеп, дұға қылады. Ғасырлар қойнауынан тамыры алып, ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жеткен ұлттық мереке бүгінгі күні көпшілікті бірлестіретін, татулықты, ынтымақты паш ететін мейрам саналады.
Киіз үй тігіліп, әр-түрлі дәстүрлі ойын сауықтар өткізілді. Атап айтар болсақ; қазақша күрес, бұқа тартыс, қошқар көтеру, гир көтеру, бесік тербету, сынды тағы да басқа, ұлттық нақыштағы дәстүрлер алға шықты. Расында да өткен ғасырдың аяғындағы қазақ ауылының бір сәті мерекеге жиналғандардың көз алдында жүгіріп өткендей болды. Қазіргідей ғылыми-техникалық үдеріс заманында мұндай көріністі кездестіру аса қиын. Сондықтан да болар жиналған қауымды дәстүрге деген құрмет, өткенге деген сағыныш тербеп тұрды. Бұл өткеніне көз жүгірткен бүгінгі имамдардың бір ұғынықты ісі деуге болады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Талдықорған өңіріндегі мешіт қызыметкерлерінің ұйымдастырған мерекелік шара діннің ұлттық дәстүрден ажырамас бір бөлігі екендігін тағы бір дәлелдеп берді. Көпшіліктің көңілінен шыққан игі шара береке бірліктің бастауындай еді.
ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.03.2015
3497
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру