ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің бастамасымен Наурыз мерекесіне орай мешіт қызметкерлері, медресе ұстаздары мен шәкірттері арасында Деркөл ауылындағы «Орал спорт» кешенінде шағын теңбіл доптан жарыс болып өтті.
Ұлыстың күніне орай жарысқа қатысушылар мен қонақтарға наурыз көже берілді. Шағын теңбіл доп жарысында «Орал орталық мешіті»,«Медресе -1», «Медресе-2» командалары аса белсенділік танытты. Ойында «Орал орталық мешіті» командасы бас жүлдені өз қанжығасына байлады.
Команда жетекшілеріне Орал қалалық мешітінің найб имамы Махамбет Мұқанғалиев облыстық орталық мешітінің арнайы дайындаған бағалы сыйлықтары мен дипломдарын табыс етті.
Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.03.2015
3226
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру