Өңірімізде ел игілігі жолында қызмет етіп жүрген бірқатар депутаттар Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт - Сырдария» мешітінде болып, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Мешіт жұмысымен танысумен қатар, депутаттар облысымызға қарасты аудандық және ауыл мешіттерінің деңгейін көтеру, жұмыс сапасын жақсарту мақсатында алдағы уақытта қолдаулар көрсетілетінін тілге тиек етті.
Депуттаттар қатарында Қызылорда қалалық мәслихат хатшысы И.Құттықожаев, қалалық мәслихат депутаты Б.Мәстеков және қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Д.Таубай, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Б.Камалов болды.
Мешітте арнайы ата-баба рухына Құран бағышталып, біршама жоспарлар талқыланды.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт - Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.03.2015
3296
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру