Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шариғат және жамағат

24.03.2015 3543 0 пікір

Жезқазған аймағы бойынша Сатпаев қаласында ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Жамағат және шариғат» атты кездесу өткізілді. Кездесуге Жезқазған аймақтық мешітінің Өкіл имамы Смағұлов Мәди Тоқпанұлы, Сәтбаев қаласы «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінің Бас имамы Акпаров Қондыбай Серікбайұлы, Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Имамбаев Серік Сағадатұлы, Бас прокуроры Назарбеков Серік Тілеубайұлы және Сирия мемлекетіне кеткен жастардың ата-аналары, жат ағымда жүрген жастар  қатысты.

Қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі «Сирияға аттану сүннет пе?» деген тақырып төңірегінде сөз қозғалды. Балалары жат елге аттанған ата-аналар өз кезегінде дін мамандарынан көкейінде жүрген сұрақтарын қойды. Алдағы уақытта осындай келеңсіз жағдайлардың алдын-алу шараларын ата-ана, жалпы қоғам болып қолға алу керектігін алға тартты. Өкіл имам жастарды ҚМДБ-ға қарасты медреселер мен жоғарғы оқу орындарында білім алуға шақырды. Сараптамадан өткен діни әдебиеттерді пайдаланып, ғаламторда muftyat.kz сайтындағы әріптестер бөліміндегі сайттардан діни мағлұматтарды алу керектігін ескертті. Өзіміздің салт-дәстүрімізге сай имам Абу Ханифа мазһабын ұстану мұсылмандар арасында ауызбіршілік орнатып асыл дінімізді көркейту ҚМДБ-ның басты міндеті екенін жеткізді. 

ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру