Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әз-Наурыз, төрлет төріме!»

24.03.2015 3294 0 пікір

Күндердің сұлтаны қасиетті жұмада ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы Тараз қаласындағы «Һибатулла Тарази» мешітінде «әз-Наурыз» мерекесі атап өтілді.  Салт-дәстүрімізбен дінімізді сабақтастырған ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан киелі саналған. Әдет-ғұрыпымыздан негізгі орын алған сүннет амалдар бойынша жасалған жорылғылар әйелдер намазханасының шырайын келтірді. Ақ жаулықты ақ әжелеріміз тәй-тәй баса бастаған бүлдіршіндеріміздің тұсауын кесіп, бесікке салар рәсімін де жасады. Тәттіден шашу шашылып, дастархан жайылды.

«Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев балдырғандарға дұға жасап, батаменен ел көгерер дегендей көненің көзі болған апаларымыз батасын берді. Ата-салтымыздан жалғасын тапқан наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген наурыз көже де пісірілді.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру