Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау мешіттерінде Наурыз мерекесі тойланды (ФОТО)

24.03.2015 3320 0 пікір

Маңғыстау облыстық орталық мешіті наурыз мейрамын атап өтті. Ұлттық мерекеміздің құрметіне  мешіт ауласына киіз үй тігіліп, ас беріліп, мешіт жамағаты шақырылды.

Мешіт ақсақалдары наурыз мерекесінің діни мерекеге жатпағанымен, ұлт дәстүрі ардақталып, ағайын тума бір - бірімен көрісіп, қонақ күтіп, қазақы жөн - жоралғылар молынан орындалатын күн екендігін айтты.   Найб имам Ахлиддин Асқар дін мен дәстүр ажырамас егіз ұстаным, ата – бабаларымыздан қалған дәстүрлік қағидаларды орындау міндетіміз екендігін түсіндірді.

Наурыз мерекесі сондай –ақ, Ақтау қалалық Бекет ата мешітінде де жалғасын тапты.  Арнайы ұлттық нақышта киіз үй тігіліп, наурызкөже пісіріліп, мешіт жамағаты мәре - сәре қуанышпен наурыз мерекесін көңілді қарсы алды. Жиналған жамағатқа уағыз жүргізген найб имам Зиядолла Еміл дін мен дәстүр сабақтастығын баяндап, ұлт бейнесін танытатын салт –дәстүрлерімізді қадірлеуге шақырды.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру