Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ислам институтында имамдарға куәлік берілді (ФОТО)

22.03.2015 3718 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында білімін жетілдіру мақсатында 2 ай бойы білімін шыңдаған діндарларға қажылыққа даярлық, халал стандарт сертификаттары мен куәлік табыс етілді.

Салтанатты шараға институт директоры Кенжеәлі қажы Мырзабай, ҚМДБ Халал өнімдерді стандарттау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев, ҚМДБ іс басқарушысы Ербосын Орын және институт қызметкерлері қатысты.

Алдымен Институт директоры Кенжәлі қажы  сөз алып 2 айдың ішінде ауқымды дәрістерді ішіне қамтитын осынау институтқа келген оқушы имамдарға сәттілік тілеп, діни ілімдерін арттырып, екі дүниенің бақытына бөленуін тіледі. Асыл дінімізде көкірегі ояу, білімді жандардың жақсылық атаулымен жарысатыны анық, бұл дүниедегі ең үлкен қуаныш «Білмеген нәрсені біліп алу» - деп  ақ тілегін жеткізді.

2 айда имамдармен жүздескен  және дәріс берген қонақтарға тоқталды. Атап айтсақ: Келген қонақтардың алды ҚМДБ төрағасы Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, Ресей, Қырғыз, Моңғолия елдерінің найб мүфтилері. 

Айта кету керек, Моңғолия елінде 40 - тан астам мешіт бар. Осынау ілім ордасында ілім алған имамдар жемісті еңбек етіп жатқаны, болашақта  да имамдар санын көбейтуді көздейтіні, ұлттық нақыштағы шапан, ҚМДБ сараптауынан өткен кітаптар жағынан да көмек беріліп жатқандығы   Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бастамасымен  Моңғолия мұсылмандар одағының арасындағы жемісті ынтымақтастығының арқасы. Осы ынтымақтастықтың тағы бір жемісі Ресейдің Төмен, Алтай республикасынан келген имамдары мен Ресей мұсылмандар діни басқармасы Бас Мүфти орынбасары Дамир хазрет Мухетдинов арасындағы жемісті кездесуі, болашақта осы өңір мен мүфтият арасына жаңа серпіліс тудырды.

«Елбасы «Мейірімділік» ерікті қоғамы» қорының директоры Аружан Саин мен Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеевті қабылдағанын, осыған байланысты Қазақстан Президенті қорлардың әрқайсысына 300 мың доллардан берілетінін, бұл оның Қытайға сапары кезінде алған «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығының қаражаты екенін айта келе қалталы азаматтарға бұл үлгі екенін, төсінде тұлпарының ізі, даналарының үні қалған аттөбелідей қазақ халықының жік-жікке бөлінбейді, еліміздегі мешіт имамдарының білім-біліктілігі мемлекет тарапынан да, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының да назарында екенін жеткізген ҚМДБ Халал өнімдерді стандарттау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиевтің сөздері отырған жақсыларды жігерлендіріп тастады. 

Ислам институтының қажылыққа даярлық пәнінің ұстазы Бақыт қажы Тұрсынбеков: «Зиялы қауым арасында көп пікірлес боламын, Ислам институтында академиктер мен профессорлар дәріс беріп жатқандығы жақсы пікірлерге арқау болып жатыр»-деді.

Институтта діни біліммен  қатар, дүнияуи пәндерден – тарих, шешендік өнер, психология, информатика, т.б. дәріс жүргізіледі.

Биыл 2 айлық діни курсты 80-ге жуық имам бітірді. Оларға қажылыққа даярлық, халал стандарт сертификаттары мен куәлік табыс етілді.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру