Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мешіт жамағатына Имамдар форумында қабылданған құжаттар таныстырылды (ФОТО)

22.03.2015 3413 0 пікір
«Әзірет Сұлтан» мешітінің жамағатына жұма намазынан соң Тұңғыш имамдар форумында қабылданған құжаттар таныстырылды. Ел тарихында алғаш рет өткен республикалық форумда бірауыздан қабылданған құжаттар жайлы мешіт жамағатына ҚМДБ-ның Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы келіп, ақпараттық таныстыру дәрісін өткізді.

«Қазақстан Мұсылмандары Тұғырнамасы», «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметкерінің этикасы», «Мұсылман тұлғалық бейнесі», «Имамның тұлғалық келбеті» деп аталатын тарихи құжаттардың Қазақстан мұсылмандары үшін болашаққа жасалған қадам екені сөзсіз. Бұл құжаттар еліміздің мұсылман жамағатына болашаққа бағдар жасап, имандылық пен әдептілігін арттыра түсуде алар орны ерекше. Сондай-ақ, дін қызметкерлерінің этикасы мен имамның тұлғалық келбеті қандай болуы керектігін көрсетілген құжаттардың  Діни басқарма жұмысын жаңа деңгейге жеткізеді деген сенім көрсетіліп отыр.

Осылайша, ой толғаған Алтынбек Ұтысханұлы аталмыш құжаттардың маңыздылығы мен тарихи қажеттілігі жайлы жамағатқа кеңінен түсіндіріп берді. Осыдан бір ай 500-ден астам дін қызметкерлері бас қосқан айтулы форум жайлы баспасөз беттерінен оқып-білгендерімен, тарихи құжаттармен танысудың сәті түспеген жамағат үшін бүгінгі шараның орны ерекше болды. Шара соңында мешіт жамағатынадіни құжаттар таратылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру