Павлодар облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің «Барыңмен бөліс!» қайырымдылық қызметін ұйымдастырушылар Ұлыстың ұлы күні- Әз Наурыз мерекесінің құрметіне орай кезекті қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды. Шара барысында әлеуметтік аз қамтылған 10 отбасына қомақты көлемде азық-түлік салынған арнайы пакеттер берілсе, 30-ға жуық адам қайырымды жандар арқылы жиналған киім-кешектерді бөлісіп алды. Сондай-ақ жуырда отбасылы болған қалалық мешіттің жас қызметшісіне демеушілер арқылы шағын тоңазытқыш сыйға берілді.
«Біздің «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінде мұқтаж болған жандарға қайырымдылық көмек жасау ісі бір жүйеге қойылды. Қаламызда тұратын ауру-сырқау, жалғызбасты, көп балалы, мүгедек, зағип, жарымжан, панасыз қалған адамдардың өтініші бойынша «Барыңмен бөліс!» қайырымдылық қызметін жауаптанған қызметшілер арнайы тексерістер жасап, ол отбасына, немесе жеке адамға не қажет екендігін анықтап, сол арқылы тиісті көмек көрсету үшін әрекет жасайды. Осы амал-әрекеттер арқылы 2015 жыл шыққалы барлығы 50-ге жуық отбасы,150-ден астам жеке адамдарға азық-түлік, киім-кешек және ақшалай қайырымдылық көмектер көрсетілді»,-дейді бас имам Н.Исенов.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.03.2015
3529
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру