Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шарапаты мол ізгі күн (ФОТО)

20.03.2015 3623 0 пікір

Қазақта «Атадан мал қалғанша – тал қалсын» деген сөз бар. Бұл табиғат анаға деген халықтың шынайы ықыласынан туса керек. «Һибатулла Тарази» мешітінің ауласына егу үшін шырша көшетін алып келді. Мешітіміздің бас имамы Данияр Жұмабаев осы шырша көшеттерін мешіт ауласына отырғызды. Мешітіміздің көркеюіне үлес қосып жүрген демеуші азаматтарға алғысымызды айтамыз.

Сондай-ақ, көктемге шуағын ала кірген ұлыстың ұлық «Әз-наурыз» мерекесіне орай ардагерлер үйінде киелі ақ дастархан жайылып, наурыз көже пісірілді. Бас имам Құран оқып дұға етсе, ақсақалдарымыз батасын берді. Күміс көмей апаларымыз ақ жаулығы желбіреп ән шырқаса, ағаларымыз жылы лебіздерін білдіріп жатты.

«Қайырымдылық – адамгершілік белгісі» деп дана қазақ айтқандай, бес бала тәрбиелеп отырған жалғыз басты қайсар анаға орталық «Һибатулла Тарази» мешітінен көмек көрсетілді. Үйге қажетті азықтары толығып, жүздері бал-бұл жанған бүлдіршіндер мен ұлты орыс болса да, діні мұсылман ана шын жүректен алғысын білдірді.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру