Наурыз − достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген.
Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмаған.
Осыған орай, 18-наурыз күні "Иманғали" орталық мешітіне қарасты әйелдер медресесінің шәкірттері ұйымдастыруымен "Дін мен дәстүр" атты рухани-танымдық шара өтті. Жиынға ақжаулықты әжелер, ардақты да асыл аналар мен имандылыққа бет бұрған қыз балалар қатысты.
Шараның басты мақсаты – ұлттық табиғатымызбен сабақтас шариғаттағы мазһабымыз бен танымдық мектебімізді тұғырлап, асыл дүниелерімізді, үзілгенімізді жалғап, жоғалтқанымызды түгендеу, сан ғасырлық тарихы бар діни дәстүрлерімізді қалпына келтіру.
Сайыс барысында қатысушылар екі топқа бөлініп, «Дәстүрімізді дәріптейтін қойылым», «Мақал-мәтелдерді хадиспен ұштастыру», «Ұлттық тағамдар», атты 3 бөлімнен тұратын кезеңнен өтті.
Аталмыш сайысқа түскен "Береке" тобы "Қонақ күту" тақырыбында көрінісін шебер орындап, көрермендерге ерекше әсер берді. Ал "Мереке" тобының "Қыз ұзату" атты қойылымын орындап, аналарымыз көзіне еріксіз жас алды. Мұнда қазақы әдет-ғұрыптардың басым бөлігінің имани ұстанымнан алынғандығы, дәстүр мен діннің біте қайнасып бөлінбес дүниеге айналғандығы дәріптелді.
Шара соңында ақ жаулықты аналар осындай игі бастамаларға ризашылығын білдіріп, ақ баталарын берді.
"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі
,
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.03.2015
3878
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру