«Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев Астана қаласындағы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының (МҚҚБ) қызметкерлерімен кездесу өткізіп, тәртіп сақшыларына дәріс оқып қайтты. Ішкі істер органдары қызметкерлері арасында өзіне-өзі қол жұмсау (суицид) және нашақорлық фактілерін болдырмау мақсатында ұйымдастырылған кездесу барысында Бақытжан Өткелбаев МҚҚБ қызметкерлеріне аталмыш дерттердің дауасы – діни сауаттылық екенін ескертіп, өткенші қиындықтарға мойымаудың, сынаққа сабырмен қарсы тұру қажеттігін баса айтты.
Бұған қоса, мешіт имамы соңғы кездері белең алған теріс пиғылды жат ағымдар жайында да сөз қозғап өтті. Экстремизмнің алдын-алу, діни терроризммен күрес тәрізді түйткілді тақырыптарға байланысты МҚҚБ қызметкерлері мешіт имамынан ақыл-кеңес алып, жат ағымдардың белгілері жайлы біле түсті. Кездесу соңында МҚҚБ қызметкерлеріне ҚМДБ-на қарасты «Хикмет» телестудиясында әзірленген дисктер таратылды.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.03.2015
3827
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру