Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тағылымды кездесу (ФОТО)

18.03.2015 3112 0 пікір

Шығыс Қазақстан облысынан келген бір топ мамандар «Нұр-Мүбарак» университетінің басшылығымен өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойған ШҚО-ның делегациясын облыстық Дін Істері басқармасының басшысы Манарбек Мұхамеджанов бастап келді.

ҚМДБ-ның Өскемен өңірі бойынша өкіл имамы Нұрлан  Асанов, Семей өңірі бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсатпен бірге Бесқарағай, Аягөз, Зайсан, Тарбағатай аудандарының ішкі  саясат бөлімінің басшылары да бар. Кездесу барысында қазір бір ғана Өскемен қаласында  350 мыңдай  тұрғынның тек 35 пайызы ғана қаракөздер құрайтыны, яғни  қазақ халқы сирек қоныстанған өңірдегі ата дініміздің ахуалы жан-жақты сөз болды. Аймақтағы 200-ге жуық мешіттің санаулы бөлігінде ғана білікті мамандармен қамтылған. Облыстағы бүкіл мешіттерді білімді имамдармен қамтамасыз ету мәселесі бүгінгі кездесудің негізгі өзегі болды. Енді жаңадан қол қойылған меморандумға сәйкес ШҚО-нан университетке  талапкерлер жіберіліп, сондай-ақ, университет тарапынан аталған аймақта араб тілін үйрету орталығын ашуға қатысты келісім жасалды. Өйткені, ҚР Білім және ғылым министрлігінің талаптарына сәйкес университет бағдарламасында гуманитарлық пәндердің болуы  әрі  діни пәндерден  мысырлық ғалымдар таза араб тілінде дәріс беретіндіктен  араб тілін үйреніп келудің артықшылықтары пысықталды. Ал ШҚО-ның делегациясы болашақ университет түлектеріне Өскемен, Семей өңіріне келіп еңбек ету жайлы ұсыныстарын айтып, аймақтағы діни ахуал жан-жақты сараланды.

Семей өңірі бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Астана қаласындағы Нұр Астана медресесінің шәкірттерімен кездесіп Семей өңіріне келіп қызмет жасауларына ұсыныс жасады, шәкірттердің қойған сұрақтарына кеңінен түсіндіріп жауап берді. 

Семей орталық мешітінің баспасөз қызметі.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру