Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Студенттермен кездесу

18.03.2015 3003 0 пікір

Қалыптасқан дәстүр бойынша Қостанай облыстық Марал ишан мешітінің ұжымының ұйымдастыруымен бірқатар кездесулер болып өтті.

Мәселен, аталмыш мешіттің наиб имамы Асқар Мейрамбекұлы Қостанай шаһарындағы білім орталығында болып, студент жастармен жүздесті. Бұл басқосуда «Қазіргі Қазақстандағы әлемдік діндердің рөлі» деген өзекті тақырып қозғалды.

Кездесу барысында наиб имамға қазақтың жігіттері мен қыздары өздерінің көкейінде жүрген көптеген сауалдарын қойып, оған нақты жауап алды. Мұндай екі жаққа да пайдалы кездесулер алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

ҚМДБ – ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің  баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру