Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ата – аналар мен оқушыларға кездесу ұйымдастырылды

18.03.2015 3215 0 пікір

Қызылорда қаласындағы №235 қазақ орта мектебінде ата аналар мен оқушыларға арналған кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге қалалық «Айтбай» мешітінің бас имамы А.Тілеубергенов қатысып, ата – ананың балалары алдындағы міндеті турасында насихаттар айтты. 

Аталмыш кездесуге қатысқан ата – аналарда өз кезегінде бала тәрбиесі, ата-ана мен бала арасындағы қарым қатынас, балаға деген жауапкершілік бағытында ақпараттар алмасты. Кездесуге сонымен қатар ішкі істер органдарының қызметкері қатысып, жасөспірімдердің мүмкін болған қылмыстық жауапкершілікке тартылу жағдайлары турасында мәліметтер берді.

Жалпы, тәрбиені иманмен ұштастырып, ата-аналар мен балалар өз жауапкершіліктерін сақтаса, жаман әдеттерден бойын аулақ ұстаса келеңсіздіктер орын алмайтындығын қатысушылар толығымен сезінді. 

Қызылорда облыстық «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру