Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЖАНТ-ның мүшелері Шардарада (ФОТО)

18.03.2015 3718 0 пікір

ҚМДБ-ның тапсырмасы және ОҚО бойынша өкілі, облыстық орталық мешітінің Бас имамы А. Керімбектің бастамасымен жергілікті ақпараттық-насихат тобы (ЖАНТ) құрылған. Ақпараттық-насихат жұмыстары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қарқынды түрде жүргізуліде. ЖАНТ-ның мүшелері, облыстық орталық мешітінің найб имамы Е.Қарақұлов және Шымкент қаласындағы «Халифа Омар» мешітінің Бас имамы  Н.Ерімбет іс-сапармен Шардара ауданына атбасын тіреді.

Аудан Бас имамы А.Данияровтың ұйымдастыруымен аудан орталығында және Жаушықұм елді мекенінде бірқатар оқу орындарында кездесулер өткізіп, жұма намазына қатысты. Кездесулерде I республикалық имамдар форумында қабылданған тәлімдік 4 құжат кең насихатталды. Жалпы ЖАНТ-ның мүшелері аудан бойынша 4 оқу орнында және 2 мешітте ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізді. 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру