Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шәкірттердің жағдайымен танысты

18.03.2015 3075 0 пікір

Жақында ҚМДБ-ының Ақмола облысындағы өкіл имамы Қанат Қыдырмин мен облыстық дін істері басқармасының бас маманы Болат Қасенов Алматыдағы «Нұр-Мүбәрәк» ислам университетінде арнайы іс-сапармен болып қайтты.

Еліміздегі ислам ілімін беретін жалғыз жоғары оқу орнында болған кезінде университеттің оқытушылар және жерлес студенттер құрамымен кездесті. Осында білім алып жатқан жастардың жағдайына қанығып, пікр алмасты.

Бүгінде бұл оқу орнында Ақмола облысынан қырыққа тарта студент білім алуда. Облыс имамының бұл сапарының ең басты мақсаты – биыл оқу бітіретін түлектерді жұмысқа шақыру болатын. Ол өз сөзінде Ақмола облысына келетін мамандарға барлық жағдай жасалатынын да жеткізді. Ал, облыстық дін істері басқармасының өкілі ондай жас мамандардың әлеуметтік мәселелері оңтайлы шешілетінін баса айтты.

Сонымен қатар, олар Алматы қаласындағы имамдар білімін жетілдіретін институт пен Әбу Ханифа медресесінде де болып, оның оқу процестерімен жан-жақты танысты.

Бақыт СМАҒҰЛ,
Ақмола облысы


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру