Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шәкірттер уағызбен сусындалды

18.03.2015 2892 0 пікір

Ата-ана әрбір перзент үшін қадірлі, қасиетті жандар. Оларды алақанға салып аялау, қартайғанда қамқор болу, қол ұшын созып жәрдемдесу ұрпаққа парыз. Өйткені, Алла Тағала өзіне құлшылық етуден кейін, ата-анаға жақсылық жасауға бұйырады.

Атырау қаласы "Иманғали" орталық мешітіне қарасты медресенің екі айлық сауат ашу курсында тәлім алып жатқан шәкірттерге "Ата-ананы сыйлау − мұсылманға міндет" деген тақырыпта уағыз-насихат жасалды. Шәкірттермен кездескен "Иманғали" орталық мешітінің наиб имамы Қайырбек Отызбаев Құран аяттары мен пайғамбар хадистері аясында ата-ананы сыйлаудың дінімізде алар орны мен сауаптылығы жайында сөз қозғады.

Сондай-ақ, бүгінгі қазақ қоғамына кері әсерін тигізген жат ағымның жетегінде кеткен жандардың ата-ананы сыйлаудан қалғаны былай тұрсын, өз ата-анасын "кәпірге" шығару арқылы жүректерін жаралап, асыл діннің атына кір келтіріп жатқандардың әрекеті мүлдем дұрыс емес екендігін ерекше атап өтті.

"Ата-анаң жынды болса, байлап бақ" деген халқымыз. Ата-ананың аманшылығын тілеп, разылығын алу - Жаратқанның разылығына жетелейтінін, ал қос бәйтеректей жандарды ренжіту - Хақ тағаланың қаһарын туғызатын әрекет екенін түсіндірді. Пайғамбарлардың, сахабалардың және ұлық жандардың өмірінен мысалдар келтіріп, ата-ананы ардақтау арқылы екі дүниенің шынайы бақытына қол жеткізуге болатындығын айқындап айтты.   

"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру