Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астана форумына елдің ықыласы ерекше

17.03.2015 3306 0 пікір

2015 жылғы 19-ақпанда Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» тақырыбымен І Республикалық имамдар форумы өткен болатын.

Осы форум қорытындысы бойынша «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «ҚМБД қызметкерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» атты құжаттарымен орталық қызметкерлері жиналыста танысты.

Осы құжаттардың басты мақсаты ел мұсылмандарын қазіргі заман талабына сәйкес жан-жақты білімді болуға, ізгілікке, зайырлы мемлекет құрылымына құрметпен қарауға шақыру, түрлі ағымдарға бөлінуіне жол бермей, өзге діндер өкілдерімен бейбіт, ынтымақта тіршілік етіп, этносаралық және конфессияаралық тұрақтылықты сақтаудағы отандық тәжірибені одан әрі нығайтуға үлес қосу болып табылады.

ОҚО Ішкі саясат және дін басқарамасының «Әлеуметтік бастамалар орталығының» мәжіліс залында басқосу болып өтті. Жиынды «Әлеуметтік бастамалар орталығы» директоры Н.Тұрсынбай жүргізіп отырды.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек арнайы баяндама оқып, төрт маңызды құжатты түсіндіріп берді.

Сондай-ақ, жиын барысында «Әлеуметтік бастамалар орталығы» директорының орынбасары М.Беспаев, «Дін мәселелерін зерттеу және талдау» бөлімінің басшысы Ұ.Алиакбарұлы, «Ақпараттық – насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру» бөлімінің басшысы Ф.Тайтелиев, «Деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге қолдау көрсету» бөлімінің маманы Қ.Ергалиев және "Ақпараттық – насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру" бөлімінің маманы М.Халықовтар өз ойларын ортаға салды.

Жалпы, кездесу жоғары деңгейде өтті. 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру