Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мектепте өткен кездесу

17.03.2015 3426 0 пікір

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігі жанынан құрылған жергілікті ақпараттық насихат тобының (ЖАНТ) 2015ж наурыз айында ОҚО қала және аудандарда атқаратын жұмыс жоспарына сәйкес Ордабасы ауданына ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамның орынбасары Т.Дәрібаев және қаладағы «Сайрам» мешітінің бас имамы С.Сабыров келіп, Ш.Уәлиханов, Бектаев, Кәусар гимназия мектепетрінің жоғарғы сынып оқушыларымен кездесіп, жат ағымдардың жетегінде кетуден сақандыру және мұсылмандарға тән ислами сипаттар туралы насихат жүргізді. Аудан имамы Б.Әшірбай оқушыларға қазақи салт-дәстүрдің ислам дінімен байланысты екенін жеткізді. Талғат имам «Д.Бегалы ата» мешітінде жұма нанамзы алдында ҚМДБ-ны ңбекіткен тақырыбы бойынша «Шүкіршілік ету-мұсылмандық әдеп» тақырыбында уағыз айтты.

Ал сайрам имамы Төрткөл ауылы «Жолдас молда» мешітінде болып, жиналған жамағатқа жақында өткен Республикалық имамдардың форумы жайлы, онда қабылданған тәлімдік құжаттарды түсіндіріп, уағыз айтты.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру