Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетімдерге қайырымдылық іс-шара өткізілді (ФОТО)

17.03.2015 3488 0 пікір

Жезқазған аймақтық мешітінің басшылық етуімен және жамағат жастарының жәрдемдесуі арқылы қайырымдылық іс-шарасы өткізілді.

Жезқазған қаласы “Үміт балалар” үйінің түлектерін демалыс күндері көңілдерін қуанышқа бөледі. Өкіл имам Мәди Тоқпанұлы балаларға уағыз-насихат айтты. Өз кезегінде балалар наурыз мейрамына қарсы дайындаған өлең шумақтарын орындады. Арнайы автобус көлігімен 40 баланы дәмханаларға алып барып, дәмді тағамдармен тамақтандырды. Сәтпаев қаласында орналасқан жабық мұз айдынында хоккей ойындарын тамашалады. Балалардың жүздеріне құаныш ұялап, демалыс күндерін көңілді өткізгендеріне дән ризашылығын білдірді. 

ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы бойынша баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру