Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Cәтбаев қаласына Бас имам тағайындалды (ФОТО)

16.03.2015 3762 0 пікір

Қасиетті жұма күні ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы бойынша Өкіл имамы Смағұлов Мәди Тоқпанұлы Сатпаев қаласының «Балмағамбет Балқыбайұлы» атындағы орталық мешітіне барып жұма намазын өткізді.

Бекітілген тақырып бойынша «Мұсылмандық Әдеп (шүкіршілдік)» жайында уағыз-насихат айтқаннан кейін, жиналған жамағатқа Бас мүфтидің бұйрығына сәйкес ҚМДБ-ның Жезқазған аймағына қарасты Сатпаев қаласының «Балмағамбет Балқыбайұлы» атындағы орталық мешітінің Бас имамы Д.А.Қарсембай қызметінен босатылғанын және «Балмағамбет Балқыбайұлы» атындағы орталық мешітінің жаңа Бас имамы болып Ақпаров Қ.С. тағайындалғанын жеткізді. Жиналған жамағатқа бас имамды таныстырып,  асыл дініміз ислам жолында аянбай қызмет етуін тапсырды. Қ.С.Ақпаров жамағат алдында қызмет етуде бар күш жігерін салатынын айтты.      

«Ахмет Ишан Оразайұлы» атындағы мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру