Ақпан айында өткен І Республикалық имамдар форумының қорытындысы бойынша қабылданған құжаттарды насихаттау мақсатында Алматы орталық мешітінде және қалалық мешіттерде жұма намазына келген жамағатқа «Қазақстан Мұсылмандарының Тұғырнамасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «Шынайы мұсылманның тұлғалық бейнесі» атты кітаптар 5000 данамен тегін таратылды.
Қала тұрғындарын аталған құжаттармен жақыннан таныстырып, кең көлемде насихаттауға бағытталған игі шараны мешітке келуші жамағат жақсы қабылдап, ризалықтарын білдірді.
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.03.2015
3171
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру