Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ХАЛАЛ ЕТ» ЖШС жұмысы тексерілді

13.03.2015 4035 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Халал стандарт» бөлімінің Алматы қаласы бойынша өкілі Елжанов Ануар «ХАЛАЛ СҰЛТАН» белгісімен нарыққа шығып жүрген «ХАЛАЛ ЕТ» ЖШС фабрикасында болып, оның жұмыстарын жақыннан бақылап қайтты. Аталған мекеменің коммерциялық директоры Курдаев Қажымурат ҚМДБ өкілін фабрикадағы жұмыс орындары, орнатылған құрылғылар, шикізаттардың әзірлену барысымен таныстырды. Бұл жерде өнімдердің әзірленуінің барлық сатысы шариғат талаптарына сай жолмен жүзеге асырылады. Сондай-ақ тиісті жерлердің барлығында бейнебақылау камералары орнатылған.

Айта кетейік, бұл мекеме үстіміздегі жылдың 11 ақпан күні ҚМДБ «Халал стандарт» бөлімінен сертификат алған болатын.

muftyat.kz


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру