Маңғыстау облысы бойынша өкіл имам Смайыл Сейтбеков 12 наурыз күні Жаңаөзен қаласына қарасты Теңге ауылындағы №17 мектеп оқушыларымен кездесті. «Діннің қоғамдағы рөлі» атты тақырып бойынша өткен келелі кездесуді аталмыш мектеп директоры С.Сарсенов ұйымдастырып, өкіл имамды арнайы қонақ ретінде шақырған болатын.
Өкіл имам С.Сейтбеков діннің қоғамда алатын орны жайында баяндай келе, дініміздің құндылықтарына кеңінен тоқталды. Халқымыздың дін мен дәстүрді қалай ұйыстырып, өз өмірлерінде шамшырақ етіп ұстанғандығы жайында айтып өтті. Дәстүрге қатысты көптеген мысалдарды аят пен хадис аясында түсіндіріп өтті. Жас ұрпақтың санасына имандылықты ұялату болашақты кепілдікке алумен пара-пар екені белгілі. Сондықтан кездесуге қатысқан оқышыларға тәлімді уағыз айтып, иманды болуды, ата-ананы қадірлеуді, жаман әдетерден аулақ болуды, елдің патриоты болуды және дін атын жамылған теріс ағымдардан аулақ болуды баса назарда түсіндіріп өтті.
Кездесу соңында оқушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Өкіл имам аталмыш шараны ұйымдастырған мектеп директоры С.Сарсенов мырзаға Елбасымыздың қолдауымен басылған қасиетті Құран Кәрімді сыйға тарту етті.
Маңғыстау облыстық орталық мешіттің баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.03.2015
3579
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру