ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің бастамасымен қолға алынған 4 бағыттың бірі − оқу-ағарту жұмыстары екені белгілі. Осы бағыттың аясында Атырау облысында біршама жұмыстар атқарылуда.
Соның бірі өңірдің бас имамы Батыржан Берденұлының ұйытқы болуымен өткен жылы қолға алынған сауат ашу екі айлық курсы болатын.
Міне, сол бастама аясында биыл да жұмыстар басталып, екі айлық сауат ашу курсына қала, аудан-ауылдардан барлығы 20-дан аса шәкірт қабылданды. Осыған орай, наурыздың 12-күні "Иманғали" орталық мешітіне қарасты медреседе кезекті екі айлық курстың ашылуына байланысты шәкірттермен жиын өткізілді.
Кездесуге «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы Қайырбек Отызбаев, «Иманғали» орталық мешітінің ұстазы Салауат Мажитов, "Әт-Тақуа" мешітінің бас имамы Өсімхан Тілеуов, аталмыш медресе басшысы Қанат Жұмағұл сынды теолог мамандар қатысып, білім алушыларға терең ілім мен сәт-сапар тіледі. Бас қосу барысында медресе оқушылары өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салып, талқылады. Кейін медресе ұжымының ұйымдастыруымен білімге ниет қылған тәлімгерлер құрметіне дастархан жайылды.
Айта кетейік, өткен жылғы оқу-ағарту жұмыстары аясында "Иманғали" орталық мешітінің жанындағы діни-сауат ашу орталығынан 60-қа жуық аудан-ауыл имамдары үш кезең бойынша екі айлық курстан өткізілген еді. Екі ай ішінде білімді де білікті ұстаздар тарапынан білім алған тәлімгерлерге мешіт тарапынан сертифакаттар табысталған-ды.
"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.03.2015
3535
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру