Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мешіт жамағаттары арасында шағын футболдан турнир өтті

12.03.2015 3212 0 пікір

Ақтөбе қалалық мешітінің бас имамы Б.Тәжімбеттің ұйымдастыруымен қалалық мешітке қарасты мешіттер жамағаттары арасында «Қоныс» спорт кешенінде шағын футболдан турнир өткізілді.

Турнирдің мақсаты жастарды салауатты өмір салтын насихаттауға шақыру, отансүйгіштікке, патриотизмге, жастардың арасында саламатты ұрпақ қалыптастыруға, спорт түрлерін кеңінен насихаттауға, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға шақыру. 

«Нұр-Ғасыр» мешітінің бас имамы Ә.Қ.Дәуренбеков аталмыш турнирге құттықтау сөз айтып, қатысушыларға денсаулықтың пендеге берген аманаты турасында уағызымен сайысты ашып берді.

12 командадан құралған сайыстың қорытындысы бойынша ІІІ орын «Рахым» мешітінің жамағатына бұйырса, ІІ орынды «Бақытжан» мешітінің командасы иеленді. Ал, жүлделі І орынды турнирдің ұйымдастырушылары – Ақтөбе қалалық мешітіне бұйырды.     

Жеңімпаздарға орындарына сай теледидар, шаңсорғыш, факс-телефон секілді сыйлықтар үлестіріліп, алғыс хаттармен марапатталды.

Қатысушыларға қалалық мешіттің асханасында мешіт атынан ас беріліп, жиылған жамағатқа «Нұр-Ғасыр» мешітінің найб имамы С.Еншібайұлы уағыз айтып, өткізілген турнирдің ұйымдастырушыларына ризашылығын жеткізді.

«Нұр-Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру