Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы көрмесі 3 ғасырлық тарихы бар Құран қолжазбасын ұсынады

12.03.2015 3489 0 пікір

Алматы Орталық мемлекеттік мұражайында 18 наурыз күні «Ислам мәдениетінің құндылықтары» атты көрме өтеді. Бұл туралы Қазақпарат агенттігі ақпар таратты.

Аталмыш көрме «Алматы – Ислам мәдениетінің астанасы-2015» атты Мемлекеттік мәдени бағдарлама аясында қолға алынып отыр. Орталық мемлекеттік мұражай қорында сақталған ислам мәдениетінің құндылықтары көрме төрінен орын алады. Бұл көрмеде араб, түрік, татар, шағатай, парсы, өзбек тілдерінде жазылған сирек кездесетін қолжазба еңбектер де көпшілік назарына ұсынылады.

Айтулы күні қасиетті Кұран Кәрімнің 1643 жылы жазылған қолжазбасын да көруге тамаша мүмкіндік бар. ХХ ғасырдың басында жарық көрген қазақтың тұңғыш «Абай», «Айқап», «Шолпан» газет-журналдарын да 18 наурызда өтетін көрмеден кездестіре аласыз. 

muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру