Шымкент қаласындағы Халықаралық Гуманитарлық-Техникалық университетінде студент жастармен кездесу өтті.
А. Қаттани мешітінің найб-имамы Қазыбек Сарыбаев жастардың алдында Исламның құндылығы, теріс ағымдардың қоғамға, жалпы адамзат санасына келтірер зияны жайлы сағатқа жуық уағыз жүргізді. Университет жастарымен арада болған әңгіме барысында, жастардың күнделікті өмірде кездесіп жүрген көптеген келеңсіздіктері сөз болды. Найб-имам ғаламтор бетінде қаптап кеткен теріс пиғылды уағыздардан сақтану үшін арнайы ашылған діни саиттарды пайдалану керектігін айтып, діни басқарманың сайтын атап көрсетті.
Кездесу соңы сұрақ-жауапқа ұласты.
А.Қаттани мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.03.2015
3414
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру