Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Оқушыларға жас ағымдардан сақтану жолдары насихатталды (ФОТО)

11.03.2015 3218 0 пікір

Қызылорда қаласындағы №253 орта мектеп оқушылары үшін мешіт имамымен кездесу ұйымдастырылып, білім алушы жасөспірімдерге тура жолдан таймау, жат ағымдардан сақтану жолдары насихатталды.

Кездесуді №253 орта мектептің  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Берік Уәлішер сөз сөйлеп ашып, аталмыш кездесудің жастар үшін маңыздылығына тоқталды. Қалалық «Ыбрайм» мешітінің найб имамы Талғат Нұрман мектеп оқушыларына қазіргі таңдағы жат діни ағымдардан сақ жүру керектігін, сонымен қатар, Ислам дінінің құндылықтарын кеңінен түсіндірді.

Уағыз насихатты зор зейінмен, үлкен қызығушылықпен тыңдаған оқушылар имандылық турасында рухани азық алды. Кездесу соңында оқушылар көкейлерінде жүрген сауалдарына жауаптарын алып, пікірлерін ортаға салды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт- Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру