Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Білім – екі дүние шамшырағы (ФОТО)

11.03.2015 3609 0 пікір

Маңғыстау облыстық орталық мешітінде намазхан әйел адамдар арасында «Білім – екі дүние шамшырағы» деген атпен сайыс өткізілді. Жарысқа мешіттің сауат ашу курсына тұрақты қатысып жүрген 18 әйел адам қатысып, өзара білім деңгейлерін көрсетіп бақ сынасты. Олардың ішінде 4-еуі жастары жетпіске жуықтаған әжелер еді.

3 кезеңнен тұрған жарыстың алғашқы бөлімі Иман негіздері және тәжуид ережелері бойынша сұрақ жауапқа арналды. Исламның сенім, ақида саласынан қойылған сауалдарға ауызша жауап берген әйел адамдарға Құран оқу қағидаларынан да білімдері тексерілді.

Сайыстың 2-ші кезеңіне 12 әйел адам іріктеліп шығып, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің өмірбаяны бойынша тағы да сынға түсті. Олардың арасынан 7-еуі жарыстың 3-ші бөлігі бойынша Ислам ғибадаты, фиқх мәселелері жайында берілген сауалдарға жауап берді.

Сайыс қорытындысында  3 орын Салықова Балзираға, 2 орын Мусина Назеркеге, 1 орын  Ибрагимова Кәмшатқа берілді.  Жеңімпаздардың барлығына ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру