Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Салауатты өмір насихатталды (ФОТО)

11.03.2015 3341 0 пікір

Орал қалалық мешітінің бастамасымен Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» жолдауын жүзеге асыру, спортты насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мешіт жамағаты мен қала тұрғындары арасында спорттық шара «Орал» спорт клубының спорт залында болып өтті.

Аталған спорттық шараға  Орал қаласындағы мешіттің сауат ашу курсының шәкірттері, ҚМДБ-на қарасты «Орал» медресесінің шәкірттері мен  мешіттің жамағаттары қатысты. 

Бұл жарыста шағын теңбіл доптан әр топтың мүшелері белсенділік танытса, үстел теннистен қалыс қалмай, қол күрестен дес бермей, қазақ күресінен балуандар күресті.

Айтулы жарыста жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар кубоктармен, дипломдармен марапатталды. Жоғары деңгейде өткен мұндай шаралар әрі қарай жалғасын таппақ.

Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру