Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Кері тартпа діни ағымдардың алдын алу шарасы өтті

11.03.2015 3330 0 пікір

Жетісай қаласындағы Абай атындағы №4 жалпы орта мектебінде кері тартпа діни ағымдардың алдын алуға бағытталған ісшара болып өтті.

Аталмыш мектептің 9-10-11 сынып оқушыларымен  болып өткен шараға Мақтарал аудандық орталық «Өткелбай» мешітінің Бас имамы Бекзат қажы Сыздықов арнайы қатысып, дін атын жамылған кері тартпа ағымдар мен адасқан топтардың дінімізге, қоғамымызға келтірер зияндары мен зардаптарын кеңінен түсіндіріп берді. Кәзіргі таңда әлемде орын алып жатқан түрлі келеңсіздіктер мен қақтығыстардың барлығы да діни сауатсыздықтан шығыпжатқандығын тілге тиек еткен Бас имам жастарды діни сауатты болуға шақырды. Осы орайда жуырдағана Астанада болып өткен I республикалық имамдар форумында қабылданған тәлімдік 4 құжаттың бірі ел мұсылмандарын, әсіресе жастар қауымын осы діни сауаттылыққа үндейтіндігін айтып өтті. «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» деп аталатын бұл құжатта шынайы мұсылманның болмысы мен түр-келбеті қандай болуы керектігін құжатта берілген тармақтардан мысалдар келтіре отырып әңгімелеп берді.

Оқушылар шара соңында имамға бүгінгі шараға байланысты, одан өзге де өздірін қызықтырған әртүрлі діни мәселелерге байланысты сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру