Астана қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті ұжымы 8 наурыз мерекесі қарсаңында көп балалы аналарға арналған қайырымдылық шарасын өткізді.
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті Бас имам Жұманазар Садырхановтың бастамасымен дін қызметкерлері №4 қалалық орта мектепте балалары білім алып жатқан көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен және жалғыз басты аналарға арнап көмек қолын созды. Бас-аяғы 25 отбасына ұн, күріш, макарон, қарақұмық, т.б азық-түліктер мен 150 кг. жуық ет таратылды.
Мереке қарсаңында арнайы ұйымдастырылған қайырымдылық шарасына разылығын білдірген көпбалалы аналар мешіт ұжымына алғыстарын жаудырып, алдағы жұмыстарына табыс тілеп, ризашылықтарын жеткізді.
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.03.2015
3922
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру