Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам нәзік жандыларды марапаттады (ФОТО)

10.03.2015 3466 0 пікір

Қызылорда облыстық «Ақмешіт–Сырдария» мешіті  нәзік жанды ұстаздар арасында «Әйел - ананың исламдағы орны» тақырыбында мақалалар байқауын жариялаған болатын.

Аталмыш байқауға қаладағы жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдерінен 30–ға жуық мақала келіп түсті.

Нәтижесінде І орынды № 2 «Мұрагер» мектебінің мұғалімі  Тебегенова Гүлбану, ІІ орынды №8 орта мектеп мұғалімі Демеуова Гүлхан, ІІІ орынды №43 орта мектеп мұғалімі Ахметова Бақыт иеленді.

Ұстаздарды ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Т.Омаров марапаттады.

Ол сөзінде Ислам діні қашан да әйел адамның дәрежесін  жоғары қойып, қадір тұтып, қастерлегендігін, Жаратушы Алла әйел  ананың  дәрежесін қол жетпес биікке көтергені сонша «Жәннат –ананың аяғының астында» — деген бағаның бар екендігін түсіндіріп өтті. 

Барлық қатысушылар арнайы алғыс хаттарға ие болып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапататталды.

Кеш барысында Қызылорда облыстық филармониясының өнерпаздары өнер көрсетіп, әжелер ансамблі ән салды. 

Қызылорда облыстық «Ақмешіт –Сырдария»  мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру