Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Оңтүстікте ауыс-түйіс орын алды (ФОТО)

10.03.2015 3586 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бұйрығымен қасиетті жұма күні Шымкент қаласы, Қаратау ауданында орналасқан «Байғұт баба» мешітінің бас имам қызметіне  Берік Қалдаров тағайындалды.

Ал, Төлеби ауданы орталық «Нұр» мешітіне бас имам болып Самат Анарбаев тағайындалды. Тағайындау үшін ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек  және аудан әкімі Ғалым Ыбрайұлы арнайы қатысты.

Өкіл имам А.Пірәліұлы жаңа тағайындалған имамдарға тапсырмалар беріп, жұмыстарына сәттілік тіледі. 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру