Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Әскери институтта өткен конференция (ФОТО)

10.03.2015 3143 0 пікір

ҚР Қорғаныс министрлігі, Алматы қаласы Құрлық әскерлері Әскери институтының гуманитарлық пәндер кафедрасында жоғары оқу орындарының курсанттары мен студенттері арасында "Қазіргі кездегі дәстүрлі емес діни бағыттар және олардың Қарулы Күштердің әскери қызметшілеріне әсер етуін болдырмау жолдары" тақырыбында ғылыми конференция өтті. Оған Алматы орталық мешітінің қызметкерлері Иминов Нұрмұхаммед, Елжанов Ануар қатысып, тақырып аясында баяндама оқыды. 

Баяндамашы Елжанов Ануарға конференцияға қатысқаны үшін арнайы сертификат табыс етілді. Конференция соңында наиб имам Иминов Нұрмұхаммед курсанттар мен студенттердің көкейлерінде жүрген өзекті сауалдарына жауап берді.

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру