ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы бойынша өкіл имамы Смағұлов Мәди Тоқпанұлы ұлт ұясы Ұлытау ауданында насихат жұмыстарын жүргізді.
Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық «Нұр Отан» ғимаратының мәжіліс залында мекеме қызметкерлерімен арнайы кездесу өткізді. Содан соң Ұлытау ауданы № 1 орта мектебінде және Жезді кентінің № 6 қазақ орта мектебінде жоғарғы сынып оқушыларымен «Жат ағымдардан сақ болайық» тақырыбында уағыз-насихат айтылып, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға өкіл имам толық жауап берді.
Алдағы уақытта ұстаздар мен оқушылар тарапынан келген қонақтарға осындай игі де маңызды кездесулер жалғасын табатынына сенім білдірді.
ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.03.2015
3658
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру