Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЖАНТ-на байлынысты басқосу болып өтті (ФОТО)

10.03.2015 3274 0 пікір

Мақтарал аудандық орталық «Өткелбай» мешітінде ауданға қарасты қала, кент, ауыл имам-молдаларының қатысуымен жергілікті ақпараттық-насихат тобының (ЖАНТ) жұмыстарына байланысты басқосу жиыны болып өтті. Имам-молдаларды күн тәртібімен  таныстырып өткен ауданның Бас имамы Бекзат Сыздықов ЖАНТ-ның алдағы атқарар шаралар мен міндеттеріне кеңінен тоқталды. Ол, өз сөзінде ақпараттық-насихат жұмыстарын I республикалық имамдар форумында қабылданған тәлімдік 4 құжатты басшылыққа ала отырып жүргізу керектігін алға тартты. Сондай-ақ, жаңадан құрылып, елді мекендер мен ауыл аймақтарға бөлініп насихат жұмыстарын жүргізетін ЖАНТ-ның топ мүшелері мен жұмыс жоспарын наурыздың 11-не дейін орталыққа өткізу керектігін имам-молдаларға тапсырды. Осылайша ЖАНТ-ның топ мүшелері мен олардың алдағы атқаратын жұмыс жоспары орталықтан бекітіліп, сол бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Бас мешітте болып өткен басқосуда ауданның Бас имамы Б.Сыздықов бұдан басқада біршама мәселелерді талқыға салып, соған байланысты арнайы тапсырмаларын берді. Атап айтқанда, бірінші кезекте тәртіп мәселесі тұрды. Аудандағы әкімшілік тарапынан, орталық мешіт тарапынан да ұйымдастырылатын жиналыстар мен шараларға кешігіп келмеу, осы секілді ресми жиналыстарға Діни Басқарма бекіткен сәлде шапанмен қатысу, ҚМДБ-ның бекіткен дін қызметкерлерінің қызметтік этикасын сақтау, көлік жүргізген кезде жол ережелерін бұзбау, халықпен, жергілікті әкімшілік құрылыммен тығыз қарым-қатынаста болып, ұлт аралық тұтастықты нығайтуға атсалысу және осы секілді өзге де өзекті мәселелер төңірегінде ой қозғалып, нақты тапсырмалар берілді.

 Мақтарал аудандық орталық «Өткелбай» мешітінің баспасөз қызметі




Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру