Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков 7-ші наурыз күні қалалық мешітте қыз-келіншектерге арнайы уағыз айтты. Уағыз тек әйел жамағатына арналғандықтан дініміздегі әйелдің орны мен маңызы жайында тұшымды уағыз сұхбат болды. Әрине ислам әйелді құрметтеп, оған лайықты түрде маңыз беріп, жұмақ ананың аяғының астында деп сүйіншіледі.
Өкіл имам уағызы барысында Құран аяттары мен Пайғамбар хадистеріндегі әйелдер жайындағы мәліметтерді жан-жақты етіп баяндап өтті. Ең алғаш иман еткен әйел заты Хадиша анамыз, ең алғаш шахит болған Сумәйя есімді әйел еді. Алғашқы 40 мұсылманның 11 әйел сахабалар еді деп айтып өтті. Уағыз соңында әйелдер тарапынан бірнеше сұрақтар қойылды.
Екі немесе үш қызы болып, жақсы тәрбиелеген ата-анаға жұмақ уәжіб деген ардақты Пайғамбарымыздың сүйншісі әркімге де ой салары анық.
14 ғасыр бұрын әйелдің орна мен маңызын ескертіп, лайықты құрметін көрсетуді бұйырған дініміздің бұл әмірі 19-шы ғасырдың аяғында ғана әлем жұртшылығының санасына жеткенін білеміз. 19-шы ғасырдың аяғына дейін әйелді кемсітіп келген батыс, әйелге еркіндік пен өз құқыларын әпердік деуде. Әрине бұл біз үшін жаңалық емес. Біз мұсылмандар әйелді дініміздің бұйырғанындай құрметке ең лайық жан деп бағалаймыз.
Маңғыстау облыстық орталық мешіттің баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.03.2015
3968
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру